Мектепке жол

ҚР Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Акция 2023 жылдың 1 тамызынан бастап өткізіледі, аяқталуы-20223 жылдың 30 қыркүйегі
Акцияға барлық ниет білдірушілер қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және басқалар. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады және көмек сұрай алады.
«Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін өткізіледі. Барлық ниет білдірушілер балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесе алады. Осылайша, біз әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмеуін ескертеміз. Әр мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың атаулы жеке тізімдері құрастырылған. Білім беру ұйымдарында «жедел желілердің» үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды. Балалар мен ата-аналар, өмірлік қиын жағдайға тап болғандардың бәрі көмек сұрай алады. Өз кезегінде, барлық бей-жай қарамайтын азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға көмек көрсете алады»
Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіледі. Акцияның 10 жылында 2 миллионнан астам бала материалдық көмек алды.
«Мектепке жол» акциясына қатысу үшін білім басқармалары мен ұйымдарына хабарласу қажет. Аққайың ауданының білім бөліміне, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша «Ивановка ОМ»КММ білім беру ұйымына.
Өңірлік білім басқармаларының «жедел желі» байланыстары:
Солтүстік Қазақстан облысы
8 7152 35 00 07
8 777 536 14 54

Қосымша ақпарат көздері